Қарсыласын 44 секундта жеңген Головкин командасындағы нокаутшы экс-чемпионмен спаррингке шықты

© AllFight.Ru
Екінші орта салмақта WBC International Silver белбеуіне ие қазақстандық Әли Ахмедов келесі жекпе-жегіне дайындықты жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz

Калифорнияда өтіп жатқан жаттығу кезінде Ахмедов бірінші орта салмақта WBC чемпионы болған америкалық Тони Харрисонмен (28-3, 21 КО) спарринг өткізді.



Ахмедов кейінгі жекпе-жегін 2019 жылы Нью-йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізіп, америкалық Эндрю Эрнандесті 44 секундта нокаутқа түсірген. 

Айта кеетйік, Ахмедовтің ісін қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) тиесілі GGG Promotions компаниясы жүргізеді.