"Қарсыласымды толық зерттедім". Иван Дычко Алматыдағы бокс кешінде жарқын жеңіс көрсетуге уәде берді

Сурет: Өмірбек Сансызбай

Ертең, 10 шілде МТК Global Kazakhstan менеджерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде ринг төріне шығатын қазақстандықтардың арасында Иван Дычко (9-0, КО 9) да бар. Ауыр салмақтағы боксшы алдағы айқасқа дайындығы туралы айтты.

"Көңіл-күйім керемет. Тек жуырда Америкадан ұшып келгендіктен уақыт белдеуіне бой үйренісе алмай жатырмын. Алматы таулы аймақта орналасқан. Мен болған Лас Вегас жазықтағы қала. Ауа-райы шамамен бірдей. Ол жақта да күн ысып тұр. Алайда біз кәсіби спортшы болғандықтан қиындықтар болмау керек деп ойлаймын. Қарсыласым тәжірибелі спортшы. Жас кезінде Ресейге көшіп кеткен Қарағанды қаласының тумасы. Бірінші және супер ауыр салмақтарда өнер көрсеткен. Бірнеше жекпе-жектерін қарап шықтым. Ең бастысы оны жақсы зерттедім. 10 шілдегегі бокс кешіне дайынмын", - дейді Дычко Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

 

 Сурет: Өмірбек Сансызбай

Айта кетейік, 2013 жылы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатын Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен. Сол біріншілікте Иван Дычко финалда әзірбайжандық Магомедрасул Меджидовке нокаутпен есе жіберген еді. Араға 8 жыл салып Дычко дәл сол спорт сарайында қайта жұдырықтасады. Бұл жолғы кәсіпқой бокстағы қарсыласы ресейлік Денис Бахтов (39-18, КО 26).

Жаңалықтар