Карьерасын қайта жаңғыртқан қазақстандық Шарипова титулды жекпе-жекке шығады

Очигава мен Шариповның бірінші жекпе-жегі. Сурет: AllFight.Ru
Қазақстандық боксшы Фируза Шарипованың карьерасын қайта бастағаннан кейінгі бірінші жекпе-жегі 19 маусым Қазан қаласында өтеді, - деп хабарлайды боксшының баспасөз қызметі.

Жекпе-жек Ratel Pro Fight промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешіне жоспарланған. Қазақстандық боксшының қарсыласы Олимпиада ойындарының финалисті, IBA титулына ие Софья Очигава.

Он раундқа есептелген жекпе-жек 58,9 келі салмақ лимитінде өтеді. Ал жекпе-жекте Очигаваның белбеуі сарапқа салынады.

Еске салайық, былтыр қыркүйекте Шарипова карьерасын аяқтағаны жайлы мәлімдеген. Ал бірнеше күн бұрын рингке қайта оралатыны туралы ресми мәлімдеп, Очигавадан қарымта сұрады. Бірнеше жыл бұрын Шарипова ресейлік боксшыдан жеңілген болатын. 
Жаңалықтар