"Канелоның" қазақстандық спарринг серігі 24 жекпе-жекке шыққан боксшымен жұдырықтасады

2 қыркүйек 2020 15:14
Сауль "Канело" Альварес және Бобиржан Моминов. Сурет: әлеуметтік желіден
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық проспект Бобыржан Моминовтың (11-0, 8 КО) кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы белгілі болды. 

BoxRec.com ақпаратынша, 28 жастағы Моминов келесі жекпе-жегін 27 қыркүйек Қазан қаласында өткізеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы 34 жастағы ресейлік Вагинак Тамразян (17-7, 5КО) болады. Жекпе-жек он раундқа есептелген.

Сонымен бірге, осы бокс кешінде 29 жастағы Арман Рысбек (7-0, 6 КО) те рингке шығады. Екінші орта салмақтағы қазақстандықтың қарсыласы 31 жастағы ресейлік Гамзат Газалиев (4-0, 4 КО). Бұл кездесу форматы да он раунд. 
Жаңалықтар