"Канелоның" Головкинмен трилогия үшін алатын гонорары белгілі болды

©Bad Left Hook

Сауль "Канело" Альварес Matchroom Boxing промоутерлік компаниясымен екі ірі жекпе-жек бойынша келісімшарт жасаған, деп хабарлайды American Chronicles басылымы инсайдер Майк Коппинджерге сілтеме жасап.

Келісімшартқа Дмитрий Биволмен жекпе-жек және Геннадий Головкинмен трилогия кірген.

Келісімнің жалпы құны 85 миллион доллар. Демек Головкинмен айқас үшін Альварес кепілді түрде 42,5 миллион алады - бұл ақылы трансляциядан түсім мен демеушілер төлейтін қыруар қаржыны есептемегенде. 

Егер Сауль жыл соңында тағы бір жекпе-жекке келіссе, Биволмен реванш болса керек, Matchroom Boxing төлейтін сомманы 160 миллион еуроға көтермек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport