"Канело" сөзінде тұру керек. DAZN сарапшысы трилогия уақытын атады

4 желтоқсан 2019 11:43
© Тұрар Қазанғапов
Қазіргі таңда DAZN стриминг қызметіне жұмыс істейтін бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Серхио Мора, World Boxing News порталына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек мүмкіндігі жайлы ойын айтты. 

"Головкин титул жеңіп алғаннан кейін "Канеломен" үшінші рет жұдырықтасу керек. Бұл үшін екі оңтайлы уақыт бар - қыркүйек, мексикалықтар Тәуелсіздік күнін тойлағанда және мамырдағы "Синко де Майо". 

Осы күндері мерекелерде мексикалық боксшылар күнкөріс қаражатын тапқан. Чавес пен Де Ла Хойя да солай істеген. Головкин - "Канело" трилогиясы 2020 жылы мамырда өтуі тиіс. 

Қазір ақша бәрін шешеді, сондықтан бұл екі жігіт бір-біріне керек. "Канелоны" түсінем, ол Головкинмен 24 раунд өткізген. Меніңше, "Канело" екі жекпе-жекте де жеңді. Ары кеткенде Головкин бір ұпаймен басым болар еді. Бірақ мен "Канело" жеңді деген ойдамын. 

Екіншісінде "Канело" сөзсіз жеңді. Бұл менің жеке пікірім. Альварестің айтқаны бар: "Ол жігітті екі рет жеңдім, енді ол маған не ұсына алады? Алдымен белбеу иеленсін". Головкин мұны жасады. Енді трилогия уақыты келді", - дейді Мора.  
Жаңалықтар