"Канело" Сондерспен жекпе-жектен қанша табыс көргені айтылды

Сурет: Boxing Junkie

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (56-1-2, 38 КО) британиялық Билли Джо Сондерспен (30-1, 14 КО) жекпе-жек үшін қанша табыс көргені айтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Өзін өмір бойына қамтамассыз етті". Сондерстің "Канеломен" айқас үшін қанша алғаны жарияланды

The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің ақпараты бойынша, мексикалық бұл айқаста кемі 30 миллион доллар пайда тапқан.

Мұның алдында Essentially Sports порталы да осындай көлемдегі сомма турлы жазған: "Сыбыс бойынша, "Канело" 15 миллион доллар кепілді түрде және PPV-трансляция сатылымынан 60 пайызын алады. Ал Сондерс 2,5 миллион доллар кепілді түрде және PPV-ден 40 пайызын алады. Егер бонустар мен демеушілер келісімшартын есепке алсақ, онда "Канело" шамамен 35 миллион доллар және Сондерс бес миллион доллардан кем емес".