"Канело" орта двивзион чемпионымен жұдырықтасады

© Boxing News
Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Инсайдер Крис Мэнникстің (Sports Illustrated) ақпартынша, мексикалық боксшы орта салмақта WBA "регуляр" титулына ие жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке шығады. Боксшылардың командалары бұл шоуды 2 мамыр Жапонияда өткзу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

Бұл бокс кеші DAZN стриминг қызметі үшін ұтымды, өйткені платформаны миллиондаған көрермен бар жапониялық нарыққа шығара алады. 

Сонымен қатар, Альварестің командасы Билли Джо Сондерс пен Каллум Смитті де есептен шығарып тастаған жоқ. 


Жаңалықтар