"Канело" мен Головкин түсінде де көрген емес". DAZN-дегі ең табысты жекпе-жек соммасы айтылды

© Boxing News 24
Ресейлік Sports.ru порталы 10 қараша Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында өткен ең табысты жекпе-жекке талдау жасады. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде белгілі YouTube блогерлер KSI (Оладжиде Олатунджи) мен Логан Пол жұдырықтасқан еді. 

Қарсыластар рингте алты раунд өткізді, екеуі де бір-бірден нокдаунға түскен. Кездесу соңында төрешілердің бөлек шешімімен KSI жеңді (55-56, 57-54, 56-55). 

"Бокс цирке айналып кетті. KSI мен Логан Пол жекпе-жегін ең мықты промоутер ұйымдастырды, ал әлем чемпиондары ютуберлерді қыздырып тұрды. 

Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор кездесуі, Тайсон Фьюридің WWE турниріндегі цирк өнері - мұның қасында ойнамай қалды. Ютуб блогерлер Оладжиже Олатунжи (KSI) мен Логан Пол бұл спортта бір күн де болған емес, алайда, олардың қарымтасы биылғы жылдың ең түсімді жекпе-жегі болды.

Ивентті Эдди Хирн ұйымдастырды, ал түскен пайда шамамен 175 миллион еуро. "Канело", Ломаченко иен Головкинге мұндай ақша түсіне де кірген жоқ.

Жаңалықтар