"Канело" мен DAZN мамырда Головкинмен жұдырықтасу бойынша келісімге келді

29 желтоқсан 2020 10:32
Сурет: reviewjournal.com

Екінші орта салмақта WBC және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегін белгіледі.

27 ақпан Мексикада "Канело" міндетті қарсылас түркиялық Авни Йылдырымға (21-2, 12 КО) қарсы кездесуде WBC титулын қорғайды.

Егер Альварес жарақат алып қалмаса, келесі жекпе-жегін мамырда әдеттегідей "Синко де Майо" мерекесінде өткізеді.

BoxingNews24 шолушысы Дэн Эмброуздың мәліметінше, "Канело" DAZN платформасымен үш мүмкіндікті мақұлдаған - қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші айқас,  екінші орта дивизионда WBО чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (30-0, 14 КО) немесе IBF титулына ие америкалық Калеб Плантпен (20-0, 12 КО) жекпе-жек.

Жаңалықтар