"Канело" Головкинмен айқасына бір ай қалғанын жариялады

©Reuters

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 KO) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегіне бір ай қалғанын еске салды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Канело" мен Головкин арасындағы бокс кеші 17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді. Дәл сол аренада қос алыптың осыған дейінгі екі айқасы өткен еді. Алғашқы кездесуде жеңімпаз анықталмаса, екіншісінде төрешілер жеңісті Мексика қабыланына берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport