"Канело" DAZN мен Golden Boy-дан кетісімен Головкинмен жекпе-жекке қатысты бір шешімге келді

Сурет: AS México

ТalkSPORT порталының редакторы Майкл Бенсон мексикалық Сауль "Канело" Альварес болашақта жұдырықтасқысы келетін боксшылар тізімін атағанын хабарлады. Қазақстандық Головкин бұл тізімде төртінші. 

"Эдди Хирн Альварестің ықтимал жекпе-жектері бойынша Эдди Рейносомен сөйлескенін атап өтті. Хирннің сөзінше, олар төрт боксшыны атады: Билли Джо Сондерс, Каллум Смит, Калеб Плант және Геннадий Головкин.

Ал желтоқсанға жоспарланды деген "Канело" мен Калеб Плант жекпе-жегінің өту ықтималдығы төмен. 19 желтоқсанға дейін алты аптадан аз уақыт қалды, сондықтан, мұндай дәрежедегі жекпе-жекті PPV-де өткізуге уақыт жеткіліксіз", - дейді Бенсон.