"Канело" Биволды жеңсе тағы бір ресейлік боксшымен кездесуі ықтимал

©BoxingScene

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль Альварестің бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо "Канело" ресейлік Дмитрий Биволды жеңсе, жартылай ауыр салмақта WBC және IBF белбеулерінің иегері Артур Бетербиевпен кездесу өткізуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Ауыр салмаққа ауысу әрине қауіпті. Өйткені, онда осы салмақта жұдырықтасып жүрген боксшылармен кездесу керек. Олар бұл дивизионға әбден үйреніп қалған. Бірақ Сауль тәуекелге баруды жақсы көреді. Головкин мен Мурата кездесуін күтейік. Аталған айқаста GGG не көрсете алады? Содан соң Альвареспен үшінші кездесу туралы сөйлесуге болады. 

Дегенмен бізде басқа да қосымша жоспар бар. Егер Головкин жеңіліп қалса,  жарақат алып қалатын болса, кездесуден бас тартса, біз Бетербиев немесе Смитпен кездесуге дайынбыз", - деп келтіреді Рейносоның сөзін BoxingScene порталы. 

Еске салайық, Сауль Альварес келесі кездесуін 7 мамыр күні Лас-Вегаста Димитрий Биволға қарсы өткізеді. Ал Геннадий Головкин 9 сәуір күні Сайтамада Риото Муратамен жолығады. "Канело" мен Головкин алдағы жекпе-жектерінде жеңіске жетсе, олар қыркүйек айында үшінші мәрте кездесуі мүмкін. 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport