"Канело" Альварес келесі қарсыласын таңдап жекпе-жек уақытын айтты

24 желтоқсан 2020 10:34
Сурет: DAZN.com

Екінші орта салмақта WBA (Super) және WBC чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес (54-1-2, 36 КО) тез арада титулдарын қорғайтын жекпе-жек өткізгісі келеді. Бұл туралы британиялық talkSPORT сайтының редакторы Майкл Бенсон Twitter желісінде жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылым мәліметінше, Альварес WBC басшысы Маурисио Сулейманмен келесі кездесуін талқылап та қойған. "Канело" осы ұйым желісі бойынша міндетті қарсылас түркиялық Авни Йылдырыммен жекпе-жекке шыққысы келеді. 

"WBC президенті Маурисио Сулейман бұқаралық ақпарат құралдарына Канело WBC нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы міндетті қарсыласы Авни Йылдырыммен 2021 жылдың басында кездесіп, өз титулын тезірек қорғағысы келетінін айтқанын мәлімдеді", - деп жазды Бенсон.

Еске салайық, Альварес өткен демалыста Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңіп, WBC және WBA (Super) титулдарын жеңіп алды. 

Жаңалықтар