"Канело" Альварес Головкинмен трилогияға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

19 қыркүйек 2019 11:01
© Boxing Scene
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жек мүлде қызықтырмайтынын айтты. Боксшының сөзін The Athletic журналисті Майк Коппинджер твиттер желісінде келтіріп отыр.

Альварес бұл мәлімдемесін жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихаты кезінде жасады. 

"Канело" Головкинмен арадағы істің біткенін және онымен үшінші рет жұдырықтасуға ынтасы жоғын айтты", - деп жазыпты Коппинджер.

Сонымен бірге, Альварес өзінің промоутері Оскара Де Ла Хойяның (Golden Boy Promotions) мексикалық пен Головкин жекпе-жегі келесі жылы өтеді деген сөзіне қатысты пікірін айтты. Промоутердің сөзіне қатысты боксшының айтқаны: "Көп дүниенің мәнісі жоқ".

"Басқаша болмайды!". Промоутер "Канело" - Головкин жекпе-жегі өтетін уақытты айтты