"Канело" Альварес Головкинмен жекпе-жек алдында қыруар ақшадан қағылып отыр

Сурет: MMABoxing.ru
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегін 14 қыркүйек АҚШ-та өткізеді. Ал алдағы күні қарсыласының есімі аталады. Бұл туралы Ringside24.com хабарлап отыр. 

DAZN платформасындағы қаржылай қиындықтар "Канело" командасын аз гонорарға келісетін қарсылас іздеуге мәжбүр етті. Golden Boy Promotions өкілдері мексикалық Джейсон Куигли (18-1, 14 КО) немесе Туреано Джонсонмен (21-2-1, 15 КО) жұдырықтасуы ықтимал екендерін мәлімдеді. Екі боксшы да GBP басшысы Оскар Де Ла Хойямен келісімшартта және Альвареске қарсы тұруға қуана келіскен. 

Өз тарапынан Альварес те гонорарын қысқартуға көнді. Осылайша, мексикалық боксшы DAZN-мен келісімшартта көрсетілген гонорардан (мексикалықтың кепілді гонорары 35 миллион доллар) он миллионға кем алады.