"Канело" Альварес Головкин жайлы қандай ойда екенін ашық айтты

©TUDN

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) Жапониядағы жеңісіне қатысты не ойлайтынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

9 сәуір Сайтамада өткен жекпе-жекте GGG Риота Муратаны (16-3, 13 КО) тоғызыншы раундта нокаутқа түсірді. 

"Еш әсер етпеді. Бірақ жақсы көрінді, мықты болып көрінді. Бірақ мен ешқашан таңданбаймын. Сондықтан ол мені ешқашан таңырқатпаған. Ол не жасайтынын және мықты боксшы екенін білемін. Алайда мені еш таңырқатпады", - деп береді Альварестің сөзін boxingscene.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport