"Канело" әлем чемпионын қай раундта есінен тандыратынын айтты

23 қыркүйек 2021 11:54
©boxingscene.com

Екінші орта салмақта WBC, WBA Super және WBO чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (56-1-2, 38 КО) IBF титулына ие америкалық Калеб Плантты (21-0, 12 КО) нокаутпен жеңетінін мәлімдеді. 

Саульге баспасөз мәслихаты кезінде Планттың батыста тым көп тараған motherf---er боқтығы ұнамай қалған екен. Сонымен бірге, мексикалыққа Планттың бапкер Эдди Рейносоның командасындағы екі бірдей боксшы допингпен ұтсалғаны тураы сөз жақпады. Америкалық "Канело" мен Оскар Вальдестің қанынан тыйым салынған дәрмек табылғанымен, жазаланбағандарын айтқан еді.  

"Жекпе-жек сегіз раундтан аспайды. Мен ол жігітті нокаутқа түсіремін. Оңай. Ол Билли Джо Сондерс пен Каллум Смит деңгейінде шығар, бірақ, менің деңгейімде емес. Абсолют чемпион титулы - Мексика және командам үшін тарихи жетістік. Сонымен бірге, менің карьерамдағы үлкен жетістік болады", - деп береді Альварестің сөзін Allboxing.Ru.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport