Қанат Ислам рингке оралуына қатысты мәлімдеме жасады

©Qazaq Promotions

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) рингке оралуына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Vesti.kz.

"Құрметті менің жанкүйерлерім, біз жекпе-жек жаттығуларына қызу дайындықтамыз. ИншАллах, жақында жақсы жаңалықтармен бөлісеміз. Сіздерге Түрік елінен жалынды сәлем!", - деп жазыпты Қанат Instagram желісінде.

Мұның алдында боксшы жыл соңына дейін бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап жүргені белгілі болды. Бұл айқастың өтетін орны мен уақыты талқыланып жатыр.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар