"Жыртқыш аңдай...". Промоутер Жәнібек пен Головкиннің белбеуін көздеген боксшы жайлы

©Marca

Беліглі промоутер Эдди Хирн жартылай орта салмақтағы америкалық Джарон Эннистің (30-0, 27 КО) украиналық Карен Чухаджянмен (21-2, 11 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Fightnews.info.

Бұл айқас 7 қаңтар Вашингтонда өтіп, америкалық боксшы төрешілер шешімімен (үш қазы да 120-108) жеңіске жетті.

"Ол сытылып кете беретін, стилі ыңғайсыз жігітпен жұдырықтасты. Дегенмен бұл Джарон үшін жақсы 12 раунд болды. Қазір біреулер: "Ол соққылар өткізіп алды. Мен ойлағандай емес екен, сондықтан мен онымен айқасатын шығармын" дей бастайды. 

Біз бокстан осындайды үнемі көріп отырамыз. Нашарлау жекпе-жек өткізе салса болды, көптеген жігіттер туралы осылай айтылады. Біраз қарсылық танытқан қарсылас кездеспегенше барлығы Энисті жыртқыш аңдай көретін", - дейді Хирн. 

Мұның алдында Эннис жартылай орта, бірінші орта және орта салмақта, мүмкін тіпті екінші орта дивизиондағы барлық белбеуді жинайтынын мәлімдеген.

Ал орта салмақта қазақстандық екі чемпион Жәнібек Әлімханұлы мен Геннадий Головкин барын айта кетейік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар