"Жұдырықтас, не аузыңды жап". WBA чемпионының бапкері "Канелоға" бос сенделді доғаруды ұсынды

© boxingscene.com
WBA (Super) чемпионы британиялық Каллум Смиттің (26-0, 19 КО) менеджері әрі бапкері Джо Галлахер мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (52-1-2, 35 КО) не жекпе-жек ұсынуды, не аузын жабуды ұсынды, - деп хабарлайды Fightnews.info.

Қазір Альваресте орта салмақтағы WBC (Franchice), WBA (Super) және IBF, екінші орта салмақтағы WBA (Regular) белбеуі бар.

"Меніңше, "Канело" мен Каллум Смит не қазір, не желтоқсанда өтуі тиіс. Олай етпесе, одан кейін болмайтыны анық. "Канелоға" 168 фунттағы нағыз чемпиондық белбеуді жеңіп алу қажет, ал олай ету үшін Каллуммен жұдырықтасуы тиіс. Өйткені бұл дививзионда көшбасшы сол.

Жанкүйерлер бұл жекпе-жекті көргісі келеді деген ойдамын. Көпшілік Каллумның соңғы жеңісіне тамсанды. "Канело" - уақыт еншісінде. Оған құрметсіздік танытқаным емес, ол жақсы боксшы, бірақ, Каллум оны жеңетініне сенімдімін. 

Дегенмен бірнеше боксшыны атап, ешкіммен келіссөз бастамай жүре беруге болмайды. Не жұдырықтасу керек, не ауызда жабу қажет, біз ары қарайғымызды шеше беру үшін. Смитпен рингке шыққысы келсе, ұсыныс жасасын", - дейді Галлахер.