"Жігітше сөйлесер едім". Айдос Ербосынұлы туды қорлағандар жайлы

©Suleimen Promotions

Белгілі кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) көк туды қорлаған өнер адамдарына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Ербосынұлы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Соңғы кездері көк туымызға қатысты біраз кикілжіңдер орнауда. Біраз өнер адамдары көк туымыздың мәртебесін түсірмек ниеттегі видеолары әлеуметтік желіде тарап жатыр. Соларды көріп ашуланғанымыз бар. Дегенімен біздің көк туымыз ондай адамдардан биік. Сондықтан байрағымызды ешқашан қорламауымыз керек. Егер сол адамдарды көрсем, әрине заң жүзінде оларды ұрғаным дұрыс болмас. Алайда олармен жігітше сөйлесер едім. Егер олар өздерінің кінәсін мойындап, менен және халықтан кешірім сұраса бәлкім кешіруге мүмкіндік беруге болатын шығар. Қанша дегенімен олар да біздің қандас бауырларымыз. "Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос", демекші, не болса да өз қазағың ғой. Бірақ мұндай нәрсе жалғаса бермес үшін мемлекет тарапынан заң жүзінде шара қолдану керек сияқты. Қажет болса абақтыға қамау керек", - дейді былғары қолғап шебері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар