Жеңілмеген қазақ боксшының 25 нокауты бар қарсыласпен жекпе-жекте қорғайтын титулы ауысты

6 желтоқсан 2019 15:02
© news.cn
Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаевтың (8-0, 5 КО) келесі жекпе-жегінде жартылай орта салмақта екінші дәрежелі IBF Australasian белбеуі сарапқа салынады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ боксшы Аустралиядағы соңғы жекпе-жегінде жергілікті Стив Гагоны (11-1, 4 КО) жеңіп, IBF Pan Pacific титулын иеленген. Ұйым ережесі бойынша бұл белбеу тек Океания елдерінде ғана сарапқа салынатындықтан, оны IBF Australasian титулына ауыстырылды. 

"Арам әдістер қолданды". Сарапшы WBA, WBO және IBF титулдарын біріктірген қазақ боксшысының жеңісіне күмәнданды

Сонымен бірге, Жаңабаев өзіне тиесілі WBA Inter-Continental және WBO Oriental белбеулерін қорғайды. Жекпе-жектің өзі 31 желтоқсан Ресейдің Краснояр қаласында өтеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы 38 жастағы венесуэлалық Эрнесто Эспана (30-2-1, 25 КО).

Айта кетейік, Красноярдағы шоудың басты жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақта WBA және IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Денис Лебедев (32-2, 23 КО) оңтүстікафрикалық Табисо Мчунумен (21-5, 13 КО) жұдырықтасады. Бокс кешінің андеркартында супер орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) да жекпе-жекке шығады.