"Жеңбесең неменеге шығасың?!". Қазақстандық нокаутшының қарсыласы жекпе-жек алды күтпеген мәлімдеме жасады

 Eye Of The Tiger Managment
Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (17-0, 13 КО) қарсыласы мексикалық Рикардо Лара (22-7, 10 КО) алдағы жекпе-жекте нағыз шоу көрсетуге уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жүкембаев пен Лара жекпе-жегі 25 қаңтар Монреальдағы Montreal Casino аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы. Қазақ боксшы WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғайды.

"Жекпе-жек туралы ұсыныс келгенде жаттығып жүргенмін және жақсы қалыптамын. Eye Of The Tiger компаниясыа осындай мүмкіндік үшін алғыс білдіремін. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде титул үшін жұдырықтасу үлкен абырой. Қарсыласымның кездесулерін тамашаладым. Болашағы үлкен боксшы, мықты жақтары көп. Бұл жекпе-жекте ол басым болады деп бекер есептемейді. 

Дегенмен бұл бокс. Жеңетініңе сенбесең неменеге шығасың?! Жақсы дайындалдым, ынтам да зор. Көрермендерге үлкен шоу сыйлағым келеді", - дейді Лара.