"Жекпе-жекке шығуға қорқатын едім". Майк Тайсон ең қауіпті боксшыны атады

©Instagram/miketyson

Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон қазіргі замандағы ең мықты боксшының бірін атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол - америкалық боксшы Давид Бенавидес, суперорта салмақта WBC ұйымының уақытша чемпионы, 26 жеңістің жиырма үшін нокаутпен аяқтаған. 

"Ол туралы көп айтылады, бірақ әлі лайықты бағасын алмады. Адамдар ол туралы айтқанда сөздерін бір жерден шығара алмай жатады. Егер мен оның дивизионында өнер көрсетсем, оған қарсы жекпе-жекке шығуға қорқар едім. Оның салмағында оны жеңетіндер жоқ. Мен деркектерге сүйеніп отырмын". 

Бенавидес Тайсонға өзінің өткенін есіне түсіретін сияқты. 

"Оның еңбектенуі... Бала кезінде кішкентай домалақ еді ғой. Бірақ қолынан не келетінін бүкіл әлемге көрсеткісі келді. Маған сеніңіз, ұлы боксшылардың бәрі сондай болған - қорғансыз және өзіне сенімі жоқ". 

Тайсон Бенавидес пен Сауль Альварес жекпе-жекке шықса кім жеңетіні туралы да ойын айтты.

"Давид рингте кімді болсын сабайды. Сондықтан нақты біреулерді атаудың да қажеті жоқ". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport