Жанқош Тұраров Шавкат Рахмоновтың айқасына болжамын айтты

©instagram.com/movidapromotions

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмоновтың (16-0) келесі жекпе-жегіне болжамын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

5 наурызға қараған түні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада UFC 285 турнирі өтеді. Бұл кеште Рахмонов америкалық Джефф Нилмен (15-4) жұдырықатсады.

"Шавкатты үлкен жекпе-жек күтіп тұр. Жеңіске жетсе ол ең мықтылар қатарына кіреді. Ол чемпион болады деп ойлаймын. Ол UFC-дегі ең мықтылардың бірі және 5 наурызда осыны дәлелдейді. Мен оған сенемін. Қазақстандықтарды наурзыда қуантамыз. Шавкат бесінде, мен 21 наурызда. 

Мен Шавкатқа жанкүйер болып, жекпе-жегін тамашалаймын. Ал елге оралғанында оны менің бокс кешімде құрметті қонақ ретінде күтемін", - дейді Тұраров. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: