Жәнібек Әлімханұлы "Канело" бастаған орта салмақ мықтыларын жекпе-жекке шақырды

© Top Rank
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) өз дивизионындағы ең мықтылармен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. 

Боксшы өзінің твиттер желісінде мексикалық Сауль "Канело" Альварес, америкалықтар Дэниэл Джейкобс пен Деметриус Андраденің (WBO чемпионы) суретін жариялаған екен.

"Оларды жеңетінімді бәрі біледі. Дәлелдеудің қажеті де жоқ. Тек көрсеткім келеді. Қазақ стилі - ең мықты стиль", - деп жазыпты Әлімханұлы. 

Жаңалықтар