Жәнібек Әлімханұлы Головкиннің деңгейін көздеп отыр

©Top Rank

Орта дивизиондағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) әлеуметтік желіде тағы бір сырлы мәлімдеме қалдырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

ESPN Ringside твиттер желісінде - Геннадий Головкин (WBA Super, IBF және IBO), Деметриус Андраде (WBO) және Джермалл Чарло (WBC) сияқты чемпиондардың суреттерінен фотоколлаж жариялаған.

Жәнібек бұл жариялымға: "Жуырда...", деген жазба қалдырыпты. Бұл сөзімен Әлімханұлы да жақын уақытта чемпион атанатынын меңзеген болса керек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар