Жан Кособуцкий мен Джои Давейко арасындағы жекпе-жектің тікелей трансляциясы

©сурет: sports

Бүгін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) супер ауыр салмақта WBA International тұжырымы бойынша белбеуін қорғайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қарсыласы америкалық "Танк" лақап атымен танымал Джон Давейко (21-8-4, 12 КО) атанбақ. Бұл жекпе-жек Германияның Гамбург қаласында елорда уақытымен түнгі сағат 03:30 өтеді. Ал бокс кеші кешкі сағат 21:00 басталады. Трансляцияның тікелей эфирін UniversumTV Youtube арнасынан тамашалай аласыздар.

Еске салайық, Кособуцкий осыған дейін Гамбургте 2019 жылы хорват Агрон Смакичиді (16-1, 14 КО) нокаутпен ұтқан болатын. Сонымен қатар, дәл сол қалада 2021 жылдың ақпанында нигериялық Онориоде Евариемемен (18-2, 17 КО) айқасып, уақытынан бұрын ұтқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: