Инсайдер Головкин - "Канело" жекпе-жегінің өтітн уақыты мен орнын айтты

© Тұрар Қазанғапов
Қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен WBC, WBA (Super) және IBF чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек биыл 14 қыркүйекте өтуі мүмкін. Бұл туралы инсайдер Майк Коппинджер (The Ring және FOX Sports) мәлімдеді.

"Golden Boy ойына келгенді айта береді. Бұ жасандылық. Келісімшарт - көрініс үшін ғана, трилогия "Канело" - GGG 14 қыркүйекте болады. Келісім бітеді", - деп жазыпты Коппинджер "Твиттер" желісінде.

Сонымен бірге, ол трилогияның Нью-Йоркте өтуі мүмкін екенін де жазды.




Журналист бұл сөзі арқылы Альварестің ісін жүргізетін Golden Boy басшысы Оскара Де Ла Хойяның Головкиннің жеңісіне қатысты айтқанын меңзеді. Роллсты нокаутпен жеңген қазақстандық ригте тұрып, "Канелоны" жекпе-жекке шақырған еді. Промоутер бірден "Твиттер" желісінде енді Головкин шынайы боксшымен жұдырықтасып, белбеу жеңіп алып, содан кейін ғана мексикалықпен жұдырықтасуына үміттене алатынын жазған. Бұан жауап ретінде қазақстандық боксшы Де Ла Хойя "тым көп сөйлейді" деп жауап берген. 

Ал DAZN стриминг қызметі Головкин - "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жектің жарнамалауды бастап кетті.