Головкиннен нокаутпен жеңілген Стив Роллстың келесі жекпе-жегі белгіленді

Канадалық боксшы Стив Роллс (19-1, 10 КО) қазақстандық Геннадий Головкиннен (39-1-1, 35 КО) нокаутпен жеңілгелі бері рингке алғаш рет шықпақ, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек уақыты мен орнын боксшы Instagram желісінде жариялады. Кездесу 28 қаңтар Канаданың Торонто қаласындағы Danforth Music Hall аренасында өтеді және UFC Fight Pass қызметі арқылы таратылады. 

Орта және екінші орта салмақта жұдырықтасатын Роллстың қарсыласы жартылай орта дивизионда өнер көрсететін Кастио Клейтон болады.

Еске салайық, Роллс - Головкин жекпе-жегі 8 маусым Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінің басты оқиғасы болған. Төртінші раундта GGG қарсыласын нокаутқа түсіріп, DAZN қызметіндегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. 

Жаңалықтар