"Головкинмен солай болған". Маман Әлімханұлының жолындағы қалтарысты ашып айтты

7 қыркүйек 2022 10:11
©instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Boxingnews24.com порталының шолушысы Брайан Уэббер орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлын (12-0, 8 КО) алда не күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

"Головкиннің деңгейіндегі қуатты соққысы болғанымен Жәнібекке әлемдік жұлдызға айналу қиынға түседі. Өйткені одан бәрі от көргендей қашатын болады, GGG-мен де карьерасының басында солай болған. 

Осыған байланысты Top Rank Әлімханұлын рингке жылына бес-алты рет шығару керек. Қарсыластары әлсіз болса да, оның осылай АҚШ-та аты шыға бастайды. Ал егер жылына екі рет қана жекпе-жек өткізсе, онда аты асқақтамаған, боксты жақсы білетін жанкүйерлер ғана танитын спортшы болып қалады. Ал қазіргі таңда жағдай осындай күйде", - дейді маман. 

Бокс аңызы Головкиннің "Канелоға" қарсы мүмкіндігі жайлы ашығын айтты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар