Головкинді жеңген Альварес Биволмен реванш өткізбек

19 қыркүйек 2022 12:57
©Тұрар Қазанғапов

Бокстан екінші орта салмақтағы абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан реванш алуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы ол Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жекте жеңіске жеткеннен кейін айтты.

"Бұл менің мұрам үшін, мен үшін, мақтанышым үшін, елім үшін, отбасым үшін өте маңызды. Мен оны жеңуге дайынмын", - деп келтіреді Альварестің сөзін Matchroom Boxing.

2022 жылы мамырда Бивол Альваресті төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport