Головкин салмағындағы аңыз Құлахметтің қарсыласымен жұдырықтасады

30 желтоқсан 2021 13:45
©bleacherreport.com

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы аргентиналық атақты боксшы Серхио Мартинес (54-3-2, 30 КО) келесі айқасын 27 қаңтар Мадридте (Испания) өткізеді, деп хабарлайды Boxingscene.com.

46 жастағы ардагердің қарсыласы британиялық Маколей Макгован (14-2-1, 3 КО). Жекпе-жек он раундқа есептелген.

Бұл Мартинестің рингке оралғаннан кейінгі төртінші жекпе-жегі болады. Мұның алдындағы үшеуін де ол Испанияда өткізіп, жеңіске жеткен. 

Айта кетейік, Макгован мұның алдында қазақстандық Тұрсынбай Құлахметке ұпай санымен есе жіберген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport