Головкин мен "Канелоның" келесі айқасы 2021 жылы асыға күтетін жекпе-жектер қатарына кірді

23 желтоқсан 2020 11:41
Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) арасындағы жекпе-жек Badlefthook.com нұсқасы бойынша асыға күткен жекпе-жектердің бірі болып отыр.

Сонымен қоса, портал боксшыларға белбеу біріктіретін айқасты екінші орта салмақта (76,2 келі) өткізу керектігін атап өтіпті. Альварес кейінгі рет осы дивизионда жұдырықтасып, WBA (Super) және WBC титулдарын жеңіп алды. Ал Головкин орта салмақта (72,574 келі) өнер көрсетеді. 

Келесі жылы асыға күтетін кездесулер қатарында: Тайсон Фьюри - Энтони Джошуа, Эррол Спенс - Теренс Кроуфорд, Теофимо Лопес - Дэвин Хэйни, Джош Тейлор - Хосе Карлос Рамирес, Хуангон Франциско Эстрада - Роман Гонсалес, Наоя Иноуэ - Муроджон Ахмадалиев, Артур Бетербиев - Дмитрий Бивол, Кенширо Терайи - Хирото Киогучи, Майрис Бриедис - Илунга Макабу кездесулері бар.

Жаңалықтар