"Головкин командасында даттауға тура келді". Абель Санчес "Канелоны" ең мықты боксшы деп есептейді

©  Тұрар Қзанғапов
Белгілі бапкер Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альварес жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевті жеңе алатынына сенімді, - деп хабарлайды Boixingnews.com.

"Соңғы жекпе-жегінде "Канело" керемет бір дүние көрсетті. Белімен қиымылын айтамын. Ковалев - ірі әрі мықты боксшы, ол Альваресті джебпен ұруға тырысады, алайда, тигізе алмайды. "Канело" Сергейдің денесінен соққы көп жасайды. Альварес тіпті Ковалевті жетінші мен оныншы раунда арасында нокаутқа түсіре алады деген ойдамын. 

Эдди мен Чепо Рейносо жақсы жұмыс атқарды. Әрине "Канелоға" қарсы Геннадий Головкинмен екі рет жұдырықтасқанда, жекпе-жекті тамашалаушылар көп болу үшін түрлі дүние айтуыма тура келді. Алайда қазір Альварес - әлемдік бокстың бейнесі деп ойлаймын", - дейді Санчес.
Жаңалықтар