Головкин - "Канело" кардында орта салмақ титулды сарапқа салынады

©la-lista.com

17 қыркүйек Лас-Вегаста өтетін Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) трилогиясында жұдырықтасатын тағы бір жұп боксшы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық боксшылар Остин Уильямс (11-0 9 KO) пен Кирон Конуэй (17-2-1 3 KO) орта салмақта WBA International титулын сарапқа салады. Бұл айқас он раундқа есептелген.

Бұл трилогия кардындағы екінші жекпе-жек. Мұның алдында кештің тағы бір басты оқиғасы екінші өте жеңіл салмақта WBC чемпионы америкалық Джесси Родригес (16-0, 11 КО) пен мексикалық Исраэль Гонсалес (28-4-1, 11 КО) айқасы болатыны белгілі болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар