Головкин - "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жектің өтетін күні нақтыланды

16 қыркүйек 2019 12:45
© boxingscene.com
Worldboxingnews.net порталы қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жектің ұйымдастырылуы бойынша ақпаратпен бөлісті.

Мұның алдында мексикалық боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя трилогия 2020 жылы өтетінін мәлімдеген еді.

"Алдымен "Канело" төртінші дивизионды бағындырып, әлем чемпионы титулын иемдену үшін 2 қарашада Сергей Ковалевпен кездесу өткізеді. Осыдан кейін мексиклаық жұлдыз GGG-мен үшінші жекпе-жекке барады. 

29 жастағы "Канело" жылына екі рет қана жұдырықтасады, әдетте қыркүйек пен мамырда. Демек Головкинмен жекпе-жек келесі жылы 2 мамырда өтеді", - дейп жазыпты басылым.