Головкин ең қауіпті панчерлер тізіміне енді

©DAZN

Спорт туралы жазатын британиялық talkSPORT порталы әр дивизиондағы ең мықты панчерлер тізімін құрды. Бұл тізімге қазақстандық Геннадий Головкин де кіріпті, деп хабарлайды Vesti.kz.

"GGG бір кездері қатарынан 23 нокаут сериясын мақтан тұтатын және нокаут коэффиценті 84 пайыз. Жылдар бойы ол қарсыластарын әдемі жеңіп келді, ал кейінгі жеңісі сәуірде Риота Муратамен айқаста болды", - деп жазады басылым. 

Тізімде Головкин 17 қыркүйекте жұдырықтасатын Сауль "Канело" Альварес те бар.

Сонымен қоса, ең мықты панчерлер қатарында мына боксшылар да кірді: Деонтей Уайлдер, Артур Бетербиев, Джермелл Чарло, Теренс Кроуфорд, Джервонта Вэвис, Маурисио Лара, Брэндон Фигероа, Наоя Иноуэ, Срисакет Сор Рунгвисаи, Дзюнто Накатани и Масатака Танигути.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар