Головкин әйгілі Брайанттың қазасына көңіл айтты

© HBO
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин қаза болған баскетболшы Коби Брайанттың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жатқан жерің жайлы болсын, спорт иконасы. Брайанттың отбасымен біргемін", - деп жазды Головкин Instagram желісіндегі парақшасында.



Айта кетейік, америкалық баскетболшы Коби Брайант пен оның қызы 26 желтоқсанда Калифорния штатында тікұшақ құлап, қаза тапқан еді. Тікұшақта жалпы тоғыз адам болған, бәрі де қаза тапты. Апаттың себебі анықталып жатыр.

Коби Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған. Ол "Лос-Анджелес Лейкерс" командасында 20 маусым бойында ойнап, бес рет чемпион атанды, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Бір рет тұрақты чемпионаттың ең құнды ойыншысы әрі екі рет плей-офф финал кезеңінің құнды ойыншысы атанған.