Головкин Али Ахмедовтың жеңісіне қатысты пікір білдірді

18 қыркүйек 2021 15:07
© https://instagram.com/ali_akhmedov_officialpage/

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) отандасы Али Ахмедовке (17-1, 13 КО) қарқынды азайтпау керектігін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Али, жеңіс құтты болсын! Енді қарқынды бәсеңдетпе, жұмысты тоқтатпа және әрдайым жинақы бол, алда әлі талай жекпе-жек бар", - деп жазды Головкин өз Instagram парақшасында.

АҚШ-тың Калифорния штаты, Монтебелло қаласында өткен Hollywood Fight Nights бокс кеші аясында Ахмедов үш раундта "Пантера" лақап атымен шығатын перулік Давид Сегарроны (34-6, 21 КО) жеңді.

Айта кетейік, Али Ахмедовтың промоушн жұмыстарымен Головкин негізін қалаған GGG Promotions компаниясы айналысады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар