Golden Boy президенті "Канелоның" келесі жекпе-жегіне қатысты сыбыстарға нүкте қойды

Сурет: elhorizonte.mx
Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) ісін жүргізетін Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес украиналық Сергей Деревянченкомен (13-2, 10 КО) жекпе-жек бойынша келіссөз жүріп жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

Мұның алдында The Athletic инсайдері Майк Коппинджер "Канелоның" командасы Деревянченкомен 14 қыркүйекте жұдырықтасу туралы келіссөз жүріп жатқанын хабарлаған. Ал жекпе-жекті екінші орта салмақта (168 фунт) өткізетіні айтылған.

Қыркүйекке белгілеген. "Канело" - Головкин жекпе-жегіне қатысты жаңа дерек шықты

"Бұл өтірік, тым ерте айтылған сөз. "Канело" жекпе-жекке қашан шығатынын да білмейді. Бокс қайта жаңғырғанша дейін бәрі әрі-сәрі күйде тұр. Бұл сыбыс шындыққа жанаспайды", - дейді Гомес Fightnews.com порталына. 
Жаңалықтар