Геннадий Головкин Қазақстанға ұшып келді

Сурет: Brad Barket/Getty Images

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Қазақстанға келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшы Алматыда өткен қайырымдылық кешіне қатысты. Іс-шарадағы лоттардың бірі ретінде Головкиннің қолтаңбасы бар былғары қолғап ойнатылды. 

"Үйіңе келген рахат қой", - дейді Головкин.

Айта кетейік, шараға GGG-дің ағасы Максим Головкин және UFC промоушенінде өнер көрсететін ресейлік Зубайра Тухугов та қатысты.