Флойд Мейвезердің бұрынғы әйелі көліктен өлі табылды

© Mixfight
Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы, бес салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы Флойд Мейвезердің азаматтық некедегі бұрынғы әйелі өлі табылды, - деп хабарлайды TMZ Sports.

40 жастағы Джози Харристің мәйітін Валенсиядағы (Калифорния штаты) үйінің маңындағы көліктің ішінен тапқан.

Басылым мәліметінше, әйел адамның денесінен зорлық белгілері анықталмаған. Іс адам өлімі дерегі бойынша қозғалған.



Джози Харрис пен Флойд Мейвезер 1995-2010 жылдары кездескен. Екеуінің Кораун, Зайон және Джира есімді баласы бар. Үлкені 15-те.

2010 жылы боксшы тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеті үшін екі ай түрмеде отырған: ол әйелін балаларының көзінше ұрып-соққан.

Артынша Флойд Джози есірткі қолданады деп айыптаған. Боксшының әйелі жауап ретінде күйеуін сотқа беріп, жала жапқаны үшін 20 миллион доллар талап еткен.
Жаңалықтар