Флойд Мейвезер карьерасын қайта бастайтын болды

17 қыркүйек 2020 17:18
Кәсіпқой бокстың жарық жұлдызы болған амеиркалық боксшы кіші Флойд Мейвезер карьерасын қайта бастайтын болды. 

43 жастағы боксшы танымал блоггер Логан Полмен кездесу өткізуге ниетті. Сол үшін де ол карьерасын қайта бастамақшы. Бұл кездесу биыл өтуі керек. 



Айта кетейік, 25 жастағы Логан Пол әуесқой деңгейде бокспен шұғылданып, осы уақытқа дейінше шоуларда жекпе-жек өткізген. 

Ал Мейвезер болса соңғы кездесуін 2017 жылы ирландиялық Конор МакГрегорға қарсы өткізіп, 10 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Жалпы ол кәсіпқой бокста 49 кездесу өткізіп, барлық кездесуде жеңіске жеткен. Сондай-ақ Мейвезер бірнеше салмақта әлем чемпионы атанған. 


Метки:
Жаңалықтар