Ешкім ойламаған. Головкиннің бұрынғы қарсыласы сенсациялық жеңіліске ұшырады

6 желтоқсан 2021 10:35
©ringtv.com

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-4, 10 KO) доминиканалық Карлос Адаместен (20-1, 16 KO) жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақтағы (72,6 келі) жекпе-жек Лос-Анджелесте өтті. Он раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Адамеске берді (95-95, 97-93 және 96-94).

Айта кетейік, бұл айқаста Деревянченко фаворит саналған, алайда, Адамес жақсы өнер көрсетті. Деревянченко осы кездесуден кейін Хайме Мунгиямен (38-0, 30 КО) жұдырықтасып, ары қарай чемпиондық белбеуге міндетті қарсылас болмақ еді. Алайда бұл мақсат келмеске кеткендей. 

Бұл жекпе-жек үшін Сергей Деревянченко 200 мың доллар, ал доминиканалық боксшы - 50 мың алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар