Ешкім алтын ала алмады. Қазақстан құрамасының капитаны Азия чемпионатының шешуші айқасында есе жіберді

Сурет: ҚБФ

Дубайдағы Азия чемпионатындағы финалды айқаста Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев та жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz

Шешуші кездесуде Қамшыбек өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен өзбек боксшы жеңіске жетті. Ал қазақстандық күміс жүлде иеленді. 

Айта кетейік, Қоңқабаевтың алдындағы төрт боксшымыз да қола жүлде иеленді. Осылайша, Қазақстанның ерлер құрамасы Азия чемпионатында бірде-бір алтын ала алмады. 

Осымен жетінші рет рингте кездесіп отырған Қоңқабаев - Жалолов өзара текетіресі 3-4 есебімен өзбек боксшысының пайдасында. 

Жаңалықтар