"Есесін қайтарады". Промоутер "Канело" - Бивол айқасы жайлы

©RingSide24

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) трилогиядан кейін Дмитрий Биволмен (20-0, 11 KO) қарымта өткізетінін айтты, деп хабарлайды Fightnews.info.

"Реванш болатыны сөзсіз. "Канело" Биволмен қайта жұдырықтасқысы келеді. Әрине, ол Головкинмен де жекпе-жекті қалайды. GGG-мен айқас уақыты қыркүйекте, бұл трилогияға ең қолайлы уақыт. Бұл кездесуде екінші орта салмақта абсолют чемпион атағы сарапқа салынады. 

Біз Бвиол және оның командасымен сөйлесіп жатырмыз. Біз келесі жылы Синко де Майо кезінде қарымта ұйымдастырғымыз келеді. "Канело" бұл айқастан бас тартпайтыны анық. Ол жеңілісінің есесін қайтармақ", - дейді Хирн. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport