Есеңгіретті. Құрама капитаны жартылай финалда моңғолиялық боксшымен айқасты

©

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Азия чемпионатының финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында 71 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан капитанымыз моңғолиялық Бьямберден Отгонбаатармен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл айқастың үшінші раундында қазақстандық қарсыласын нокдаунға түсірді. 

Енді Шымбергенов Азия чемпионатының алтын жүлдесіне таласады. 

Еске салайық, Асыланбектен бөлек сары құрлықтың ақтық сынына Махмұт Сабырхан (54 келі), Санжар Тәшкенбай (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+91) Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Гүлсая Ержан (81 келі) жолдама алды.

Қола жүлдегер атанған спортшыларымыздың ішінде Саматәлі Төлтаев (60 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі) Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мадина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81) бар.

Ал Алуа Балқыбекова Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: