Ертуған мен Сәкен Халықаралық турнирде алтын жүлде жеңіп алды

Сурет: ҚБФ

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Сербиядағы Belgrade Winner халықаралық турнирінде алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

63 келідегі финалда Зейнуллинов ресейлік Артур Субханкуловтен басым түсті. 

Мұның алдында 52 келіде қазақстандық Сәкен Бибосынов қырғызстандық Азат Усеналиевті жеңіп, құрама қоржынына бірінші алтынды салған. 

Ал финалға шыққан өзге екі боксшымыз күміс жүлде иеленді. 

81 келіде Нұрбек Оралбай британиялық Бенджамин Уиттакерге есе жіберді. Ал 91 келіде Василий Левит ресейлік Тимур Гамзатовты жеңе алмады.

Жаңалықтар